Ала көзді аспансың – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ала көзді аспансың» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Ала көзді аспансың,
Жұрдай кірпік, қабақтан.
Қонышыңнан басқансың,
... Тісің батып, қан аққан.
Елемедің тәңірді,
Адасқансың дініңнен.
Жүргізесің әмірді,
Қаймығамын інің – мен.
Қуатыңды сарықтың,
Бәлкім бақыт іздедің.
Табаныңды қарып құм,
Тағып жүрме күзге мін.
Абайлашы, заңғарым,
Биіксің бе, құларсың.
Жадыңда ұста шаң барын,
Тағдыр – сыншы, сынарсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері