Өлең, жыр, ақындар

Есімде

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 763
Есімде менің еткен уақ.
Құлазып дала аңырап,
Қызарып күн батқан шақ
Қызыл шапақ жамырап.
Алатау шыңы астына.
Сексенге келген шал жатты,
Тас жастана басына.
Батқан күнге қадала
Қарап көзі сүзілді;
Ыңырана жатып қорада,
Өлді, өмірі үзілді...
Бай неге оған қайғырсын,
Аз ба ондай малайы,
Жел ғана ұққан қайғысын
Малайдың ол кез талайы.
Бес жасар ғана Теміреш,
Құлыны жалғыз жылаған;
Бақытсыз жастай өмірі еш
Жетімек жасын бұлаған...
Оған он бес жыл болды,
Осы елес қалған есімде;
Тентіреп келген Теміреш,
Әкесі өлген кешінде.
Онан бері жер түлеп,
Өзгеріп қанша су ақты,
Шұғлалы күннен нұр өрлеп,
Күн батып, қанша тан атты...
Кәрді қанша төңкеріс
Ел де, жер де, тау-тас та,
Қазақстанда өзгеріс;
Құлшына өскен қарт, жас та.
Талай болат қайлалар,
Шахта қып, шыңырау тау тесті
Аймағын айдай аймалар
Атқан бір алтын таңда өсті.
Сол өзгеріс ішінде
Алуан-алуан жас өсті;
Қызғалдақтай мүсінде
Күнге гүлін аша өсті.
Үздіксіз өскен алабым,
Нұрланға бетін тарихтың;
Өскен жастың талайын
Тани да алмай қалыппын.
Аралап кеше таныстым
Алматының депосын.
Ерлермен қол алыстым,
Еңбекте озған нелер шың.
Танысты бір ер дербес
Сыпырып терін маңдайдан.
Сұраса келсем — Теміреш,
Қуанбас оған қандай жан.
Таймас балуан таңда атқан
Құрыш десе, аршын төс;
Паровозды заулатқан
Теміреш енді машинист.
Суарып болат тұлпарды,
Арқыратып заулата;
Бұрқантты әне, жол тартты
Маршрут: Москва — Алма-Ата.
Түтіні кетті көкке өрлей,
Өрледі поезд — өрістеп.
Жолы Алатау бектерлей
Төселген алмас Турксиб.
Алматыдан Москваға
— Арнайы тартқан алмас жол,
Сонымен Теміреш мастер де
Жортқан құрыш комсомол.
Лениншіл түлек жастар да,
Он бес жылдық тойында,
Жаңғыртып тауды, тастарды
Қуаныш сыймайды койнына.
Теміреш, — осы тойынан,
Мін тұлпарға Москва — тарт!
Лениншіл миллион тобынан
Цекамолға сәлем айт!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табыт

  • 0
  • 0

Тоқсандағы Фаруқ шал
Ұйқыдан бір күн оянып.
Қолымен басын сүйеп сәл,
Отырды ұзақ ойланып.

Толық

Мезгіл

  • 0
  • 0

Мінезіңді кім білген
Жүйрік мезгіл қызықсың,
Жас кезімде мен жүрген
Құмға басқа із сызыпсың.

Толық

Жылқышының әні

  • 0
  • 0

Тау жайлап жылқышымын, қыр қыстаған.
Қарыма іліп баулы құрық ұстаған,
Жоқ кісеу, құлында да, тайда тісеу
Жылқымен ермін қыста бір қыстаған.

Толық

Қарап көріңіз