Қайың – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қайың» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3304
Тынымсыз соқты жел борап,
Шайқады биік қайыңды.
Сұлуды белден алды орап,
Қайыңның шашы жайылды.
Тынымсыз құйды сел борап,
Нөсермен жуды қайыңды.
Қайың тұр, міне, жадырап,
Тастаған шайып уайымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері