Қазақстан – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қазақстан» атты Тайыр Жароков жазған отан туралы өлең берілген.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1425
Қазақстан кең көзі,
Алтын атқан жер көзі.
Асқар тауы асқарлай,
Асқарын сүйеді аспанда ай;
Асқарын сүйсе аспанда ай
— Айға алтынын шашқандай,
Шалқып жатқан дер кезі,
Кені Алтайдың үзілмей,
Күркірей аққан өзендей,
Күмісі шаққан күндіздей,
Алтыны шолпан жұлдыздай,
Ақ мақтасы жамбыдай
Балығы балғын құндыздай,
Колхозы түлік ергізді.
Өзені балғын бал бұлақ,
Суына сұлу ай құлап,
Толқынына дамылдап,
Қаздай қалқып мамырлап,
Жүзді, жүзсін сабырлап,
Жүзсін көктің кербезі!
Тек қана жалғыз ай емес,
Тек қана жалғыз жан емес
Бақытты Қазақстанға
Таңғалады жер жүзі!

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері