Өлең, жыр, ақындар

Бұл жалған тегі шытырман

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Бұл жалған тегі шытырман,
Таба алмай келем арнасын.
Санасын елдің жұт ұрған,
Белгілі ұзақ бармасым.
Тартармыз талай татасын,
Әлдекім шығып «қоқияр».
Шегерміз зауал, жапасын,
Жақын ба күнім тотияр?
Күдігім басым бөктерген,
Сапарға шықтым дегенмен.
Ақсақал айтты көп көрген:
«Ажырап қалма өлеңнен ...»
Үмітім артты теңлеген,
Сол бір сөз мүмкін, жел берген.
Музаға сосын келген ем,
Сын да естіп қалам елдерден.
Кілкиді күдік, тегін бе?
Алдымда көлбеп түз сан-сан.
Қаламдай қысқа өмірде,
Сиядай ұзақ із салсам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еңкіш тартқан, ал самайы саркідір

  • 0
  • 0

Еңкіш тартқан, ал самайы саркідір,
Қияңқылау қариямыз бар-ды бір.
Салдырлаған дашай арба көлігі,
Аты ерғашты болып біткен, шал – қыңыр.

Толық

Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны

  • 0
  • 0

Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны,
«Мендей еркесін кімдермен айырбастады?»
Қара жұрт жатты құлазып ұлы келгенде,
Сүреңсіз тіпті, мөп-мөлдір байырғы аспаны.

Толық

Қажытып, мезі етті ме сандырағым?

  • 0
  • 1

Қажытып, мезі етті ме сандырағым?
Ой кешіп, көз ілмей-ақ таңға ұрамын.
Әкемнен қалған ептеп бұл жалғанға,
Басталмақ басы менен, бар мұраның.

Толық

Қарап көріңіз