Кездесулер

Бұл бетте «Кездесулер» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2614
Кездесулер қандай қызық
өтсе-дағы талай жыл,
Есте жүрер ұмытылмас,
ұмыт болар қалай бұл.
Көңіл шалқып, жаның балқып,
мәз боласың балаша,
Оң жағыңнан туғандай-ақ
шалқалаған жаңа ай бір.
Кездесулер қандай қызық
жыл құсындай оралған,
Ұялатар көңіліңе —
тәтті қиял, мол арман.
Тебірентпей ме, толқытпай ма
сол бір сәтте жаныңды,
Мөлт етіп бір тамып түскен
ып-ыссы жас жанардан.
Кездесулер қандай қызық,
қандай қызық әсерлі,
Өтіп кеткен сонау шақты
көз алдыма әкелді.
Арманды да оралтты ғой
тасаланған біздерден
Еркелейін, өртенейін
жанарыңды аш енді.
Кездесулер қандай қызық,
өтсе-дағы талай жыл,
Есте жүрер ұмытылмас,
Ұмытылар қалай бұл,
Көңіл шалқып, жанын, балқып
Мәз боласың балаша,
Оң жағыңнан туғандай-ақ
Шалқалаған жаңа ай бір.
* * *
Жамандарға не дауа,
Болса егер ақылсыз.
Жақсыларға не дауа,
Болса егер батылсыз.
Батырларға не дауа,
Болса егер құралсыз.
Жезтаңдайға не дауа,
Өмір кешсе бұла әнсіз.
Бақыттыға не дауа,
Шын бақытты ұқпаса,
Қыран құсқа не дауа,
Шығандап ұшып шықпаса.
Арсыздарға не дауа,
Жақсылық бойға жұқпаса.
Сабылып барып не дауа,
Сағынып досың шықпаса.
Ажал шалып жығады,
Қас дұшпаның жықпаса.
Көлеңкеде өр көңіл,
Деп тілеймін бұқпаса...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездесулер өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Кездесулер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездесулер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездесулер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері