Бұл бетте «Жасырма» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үндемедің, бірақ та көп қарадың,
Көп қарадың жанымды ноқталадың.
Көңіліңді ақтарып көзің айтса,
Соқырмын ба, сезбейтін жоқ па жаным!
Көп қарадың күйдірді от жанарың,
От жанарың сездің бе өрт саларын.
Азарлы жол кездессе кес-кестетен,
Асау жүрек қалармын соқпағанын.
Соқпағанын қалармын тоқтағанын,
Ауған көңіл айта алман тоқтамағын.
Тез тарайды арайы батар күннің,
Жанарыңды тайдырма, токта жаным.
Жанарыңды тайдырма, тоқта жаным.
Ұшқынынан кеудемде от жағамын.
Жанар сырын жасырма жария қыл,
Қиындықтың талқандап от қамалын.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі