Тепсініп кеп, поэзия – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тепсініп кеп, поэзия» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1111
Тепсініп кеп, поэзия,
Есігіңді ашпадың.
Осқырынып, өлеңіне
Крест қойып басқанын.
Елеусіз-ақ елмен бірге
Ере келдім үйіңе:
Жақсы жырды сәбиімдей
Сүйгеннен соң жас жаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері