Сол сәтте мен бақытпен түйіскен ем – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Сол сәтте мен бақытпен түйіскен ем» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Телефоның сөнулі, үн қатпайды,
Мазалайды мені бір жұмбақ қайғы.
Сөнбеді ме сезімің маған деген?
Көгершіндей...
Жем іздеп саған келгем.
Маңдайымнан сен едің иіскеген,
Сол сәтте мен бақытпен түйіскен ем.
Жанарыңнан нұр көргем, шуақ көргем,
Өзің ғана жаныма қуат берген.
«Жаным» дедің аймалап, баяу ғана,
Көңілдегі еттің сен қаяуды ада...
Еркелеттің.
Тағы да еркелеттің,
Жазғы аспанын жанымның көркем еттің.
Ерінімнен ақырын өпкеніңде,
Қайта оралғам он сегіз көктеміме.
...Көңіл бөлмей байлықтың түйіріне,
Пейіліңе шөлдедім, мейіріңе.
Сөндірулі телефон өкінерім,
Тез оралшы, тек сенен өтінерім!
Талай төзген тіршілік дауылына,
Алшы мені құшаққа, бауырыңа!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері