Мен сені кешіремін – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Мен сені кешіремін» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 941
Мен сені кешіремін,
Жанымның таппасаң да есіл емін.
Күзбенен қатар келіп күрсіндірер,
Түспесін бұдан кейін есіңе мұң.
Ұмытшы өткендерді,
Есіңе ал, гүлін терген көктемдерді.
Шаттықтың шағаласын ұшырайын,
Куә ғып бақытыма көк пен жерді.
Ұмытшы, бәрін,бәрін,
(Онсыз да жабырқаулы жарым жаным).
Біз осы біраз жайды жаздық, білем,
Тағдырдың дәптеріне қалың-қалың.
Кел, жаным, қуанайық,
Баладай, бар бақытқа уанайық.
Кешірім...
Керек пе екен қажеті оның,
Махаббат тұрған жерде, тұра ма айып?!
Екеуміз – ерте тұрып, кешке күлген,
Жұпарды сезіп тұрмын десте гүлден.
Қайық тұр, арман-теңіз жағасында,
... Сен енді айырылма ескегіңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері