Керей – Бақыт Ұланбек Бақытұлы

Бұл бетте «Керей» атты Бақыт Ұланбек Бақытұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен керей деген халықпын
Өр Алтайда қалыппын
Қытайменен маңғолға
Қазақтың күшін таныттым

Түндігін ашып тамұқтың
Алаш деп ұран салыппын
Өзге елде жүрсем де
Салт санама анықпын

Қазаққа қарсы келгенді
Жамбасқа алып, шалыппын
Алтай тауын қорғаштап
Қазаққа алып қалыппын

Қазақ деген ұлы елді
Әлемге қазір таныттым
Оспан деп ұран шақырған
Ақыттай ұстаз алыппын

Қазақстан деген ұлы елдің
Қазығы болып қағылып,
Тұмары болып тағылып
Шам шырағындай жаныппын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері