Бұл бетте «Жаралғанбыз күресуге» атты TasDim жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Зәулім бойың оқтай боп тіп-тік өскен, Елжірей кеп еркелеп күн тілдескен. Сынып кетер, иілмес тәкаппарым, Сені жырлап әлемде кім түгескен.
Басталып үлкен Көкше етегінен Жалғасып ну орманмен кетер бірден. Ақ ауыл ауласындай әппақ алаң, Көргенде көңілің көкке көтерілген.
Көз көріп, көңіл нанбас бір ғаламат... Кім ие болып, еткен кімге аманат! Төрінде Ақ алаңның тахыт тас тұр, Тұйыққа ғажаптанып ой қамалад.
Хабарлама
INFO
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі