Бұл бетте «Көктем бояулары» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 08.12.2023
- 0
- 0
- 1070
Қарындашты, дәптерді,
Сақадай ғып сайладым.
Суретін мен көктемнің
Салмақшы боп ойладым.
Мынау қоңыр –
Жер беті,
Мынау жасыл –
Шыбықтар.
Көгілдір –
Көк келбеті,
Ал мына сұр –
Бұлттар.
Қара бояу –
Тау мұным.
Апа, мұнда бір қара:
Бейне апамның жаулығы
Жатыр ақ қар шыңда да.
Міне, нұрлы көктем бұл,
Өкінішім бірақ та.
Тұрмын енді
Мөп-мөлдір
Бояу таппай бұлаққа!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі