Жуынбапсың, бұл қалай?
Бұл бетте «Жуынбапсың, бұл қалай?» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 08.12.2023
- 0
- 0
- 1096
Өтіпті ғой бір апта,
Сен келгелі қасыма.
Жуынбапсың бірақ та
Су тимепті-ау шашыңа!
Саусағыңның арасы,
Қалыпты ғой кір ұстап.
Қуыршақ-ау қарашы
Жумаймысың дұрыстап?!
Қәнеки, оң қолыңа,
Ал дағы сен сабынды.
Иығыңа,
Жоныңа
Жақ көбігін қалып ғып!
Қәнеки, сол қолыңа
Ал дағы сен сабынды.
Иығыңа,
Жоныңа
Жақ көбігін қалып ғып!
Тіс щеткасы тұр, міне,
Ыс тісіңді, қуыршақ.
Сүртінеміз сүлгіен
Мына біздер жуынсақ.
Жетті! Жетті!
Оһ, ғажап!
Жайнап кетті-ау реңің де!
Беті-қолың тап-таза
Болды, міне, сенің де!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі