Дыбысыңды естимін – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Дыбысыңды естимін» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Дос жоқ қой менде.
Жүрсін

Досым жоқ деп налыма, дос дегенің баршылық,
Досқа қызмет еткенің – сүйіп тапқан жалшылық.
Қаңсығанда тамыры судан көріп таршылық,
Зар еңіреп жылайды жалғыз - ­жарым талшыбық.
Жылағанмен жалғыз тал малшынып көз жасына,
Жамыраған көк орман көшіп келмес қасына.
Қу далада қалғандай, Жүке, сонша шошыма,
Керек болса сенікі ердің артқы қасы да!
Ақан сері ағаңдай еңіреме, жасыма,
Атың барда асықпа Сағынайдың асына.
Жеке барып шағынсаң Ұлытаудың тасына,
Елің қайтіп жиналар Едігенің басына?!
Жатып алсаң жапанда күңіреніп абыздай,
Өртенеді аспаның шілде менен тамыздай.
Жетім қозы тәріздес жүдеу көңіл марқаймас,
Өгей өмір бауырына өз қолыңмен жағызбай.
Досым жоқ деп аузыңды сүрткенменен қу шөппен,
Досын әкеп бере ме біреу саған бір шеттен?!
Шыбын жаным аманда жүрегіме нұр сепкен,
Дыбысыңды естимін жер бетінде тырс еткен.
Бұлқынғанда бұрқ етіп кеудеңдегі көк қайнар,
Сарынға түс сабырлы, сары өзендей төкпей зар.
Кермесіне жолатпай қызылкөздер қақпайлар,
Опырылса мама ағаш ортамызда ат байлар.
Адам тозар ішінен, жан­-күйіңді түсінем,
Жатырқайсың жалғанды түңілгенде кісіден.
Қанжығада көрісер емеспіз ғой көк қоян,
Қашып жүріп жыртқыштың тырнағынан, тісінен.
Ақ сұңқары арманның заңғардан үн қататын,
Торға түссе торығар шет елге ұрлап сататын.
Үзілмейтін жұлындай күндер қайда, құдай­ау,
Кісінескен құлындай шұрқырасып жататын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дыбысыңды естимін өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Дыбысыңды естимін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дыбысыңды естимін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дыбысыңды естимін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері