Биік болса

Бұл бетте «Биік болса» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Амангелді Ермегияевқа)

Шын жүйріктің естілер ел шетіне дүбірі,
Көк есектің адымы ашылмайды ғұмыры.
Толып жүрген шық бермес Шығайбайлар ішінде,
Атымтайы жігіттің Амангелді Дінұлы!
Саған ырза қазақтың арғысы мен бергісі,
Мецанаттың өзіңсің Маман байдай белдісі.
Нәр құйсын деп өнердің өзегіне талғанда,
Жарылғаптай батырдың тастап кеткен белгісі.
Шенеуніктің не керек шапанды мен шендісі,
Езуінен еліне келмесе енші бөлгісі.
Көнелердің көзіндей, кесектігі өзіңдей,
Келетіндер жасасын ұлт жолында өлгісі!
Азаматсың арда өскен, тау-даланы тел емген,
Тарихыңа үңілсем, сыр қозғайсың тереңнен.
Жомарт мінез, сәбидей жаны таза, жақсы аға,
Жүрегіңді тербетіп, әлдилейін өлеңмен.
Қарағайға ұқсайсың Қарқаралы басында,
Алатаудың нұры бар қырау шалған шашыңда.
Өлең сыйлап өмірге өте шыққан емес пе,
Мұңлы сазы музаның – Мұқағали, Қасым да!
Ақындардың қолында жырдан басқа жоқ түгі,
Кейігенде кей сәтте күйдіреді шоқ тілі.
Асқақтаған тұғырдан көрінерміз біз-дағы,
Биік болса алдыңғы ағалардың шоқтығы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биік болса өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Биік болса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биік болса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биік болса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері