Біткен дау – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Біткен дау» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Балам айналыспаған
Спорттың түрi жоқ.
Менiң байланыспаған
Тренердiң бiрi жоқ.
Футбол барды, қуылды,
«Жарамайды, əлсiз», – деп.
Бокс барды. Қиын-ды...
Қашты өзi жайсыз деп...
Бiр жыл даудың бiткенi,
«Ушу-дан» сабақ алып жүр.
Қумас одан...
Өйткенi,
Ақы төлеп барып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері