Төрт түлік
Бұл бетте «Төрт түлік» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 29.12.2023
- 0
- 0
- 2929
Ұстап жүрсе жүгендi,
Жылқышы деп бiл ендi.
Қолда жүрсе көгенi,
Мен қойшымын дегенi.
Ұстағанды бұйданы
Сиыршы деп бiл-дағы,
Ұстағанды ноқтаны
Түйешi ғой деп таны...
Жылқышыға келесiң,
Ұзын құрық көресiң.
Түйешiге келесiң.
Түйе жүн шекпен көресiң.
Сиыршыға келесiң,
Таспа тiлiп көресiң.
Қойшы үйiне келесiң,
Тулақ, көндi көресiң...
Жылқышының қымызын
Iш сусын қып күн ұзын.
Түйешiден шұбатты
Сiмiр, ол ас қуатты.
Сиыршының айранын
Жұт, кiлегей, қаймағын.
Қойшы берер құлақты,
Құйрық, бауыр, сирақты.
Ел құты – төрт түлiк мал,
Баққандарды бiлiп ал.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі