Нарық философиясы

Бұл бетте «Нарық философиясы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сатушымен тiлдестiк:
– Нарқы қанша алманың?
– Сатып жүрмiн күнде өстiп,
Қайсы алманы таңдадың?
Үш сом мына жатқандар.
Ал мыналар «екiден».
Разы дəмiн татқандар,
Рұқсат, таңда шетiнен.
– Бұл неге үш сом, себебi,
Түрi бiрдей бəрiнiң?
– Екi сомдық алмалар
Өзi үзiлiп түскендер.
Ал, үш сомдық алмалар
Қолмен терiп үзгендер...
Дық аласың көңiлге
Неге бұлай өмiрде?
Қолдаушысыз, сүйеусiз
Жүрмекке сен бекiнсең,
Көмек күтпей, бiреусiз
Өзiң пiсiп жетiлсең,
Бұл шындықты бiл дер ем,
Ойлантардай əркiмдi:
Ондай болсаң,
Ел төмен
Бағалайды нарқыңды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нарық философиясы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Нарық философиясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нарық философиясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нарық философиясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері