Қиял құсы
Бұл бетте «Қиял құсы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ас iшерде «қолыңды
Жу» дегенге орынды,
Ерiншек шын ерiндi,
Қиял ойға берiлдi:
«Таңертең жу қолыңды,
Түскi аста жу қолыңды,
Кешкi аста жу қолыңды...
Ұнатпаймын соныңды.
Күнде тiстi тазалау
Барып тұрған азап-ау...
Құстардiкi – рақат,
Жуар қол жоқ тұра қап,
Қатырмастан бастарын,
Шоқи берер астарын...»
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі