Ұшақтан жылдам бұлттар
Бұл бетте «Ұшақтан жылдам бұлттар» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңертең күн ашық,
Тұр еді нұр шашып.
Аспанда бұлт жоқ:
Ендеше күдік жоқ.
Ойладым дәл бүгін,
Жаумайды жаңбыр!
Шықтым мен үйімнен
Жейдешең күйіммен.
Әурелер жолда құр,
Алғам жоқ қолшатыр
Кенеттен аспанды
Бұлт торлай бастады.
Ұшақтан жылдам ба?!
Шаңдатып көшені,
Басталды нөсері.
Жоқ мотор, қанаты,
Бұл бұлттар қалайша
Тез жете алады?...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі