«Футбол»

Бұл бетте ««Футбол»» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мектептен келемiз,
Неге ермек табылмас?!
Кейде доп тебемiз,
Қанша соқ!
Жарылмас!
Бəрiнен Танабай
Елiрiп кететiн.
Ай-шайға қарамай,
Күшенiп тебетiн.
Аяқта керзi етiк,
Танабай – соқталдай!
Футболға ең жетiк,
Добыңды ол соққанда-ай!
Қопсытып ақ қарды,
Ойнап боп шамалы,
Танабай допты əлгi
Қолына алады:
Тер-тер боп, шапқылап,
Бусанып тұрады.
Қарларын қаққылап,
Тiзеге ұрады.
Басқа оны...
Киедi,
Қызарып құлағы.
«Доп» болып жүретiн
Соның ғой...
Тымағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Футбол» өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

«Футбол» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Футбол» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Футбол» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері