Асар – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Асар» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Жұмбақ-ертегi)

Аю,
Қоян,
Тиiндi
Шақырды да асарға,
Көршiлерi жиылды,
Əтеш күрке жасарда.
Аю сүйреп арбаны,
Тiке тартты орманға,
Итерiстi қалғаны
Ағаш тартып болғанда.
Аю ағаш бұтады,
Қолына алып балтасын.
Əтеш кесiп жатады,
Тиiн аршып жаңқасын.
Қолының бар икемi
Қоян қазды топырақ.
Жабу үшiн күркенi
Тердi Тиiн жапырақ.
Аю қалап жатқанда,
Тиiн тұрды шегелеп.
Əтеш үстiн жапқанда,
Сылар Қоян-епелек.
Төртеуi еңбек еттi де,
Өстiп кештi батырды.
Күркелер бiттi де,
Əтеш асқа шақырды.
Дастарқаны бай екен,
Əтеш көршi жарайды,
Бал, дəн,
Жаңғақ бар екен,
Сəбiздiң тұр талайы.
– Шақырғанда асарға
Кергiлеспей келдiңдер.
Көршi осындай қашанда,
Қол ұшын да бердiңдер.
Қосылғанда бастарың,
Құр кетпеңдер аш қарын.
Алдарыңа тосқаным –
Ең сүйiктi астарың.
Аю,
же де, жалай бер,
Қоян, кемiр отырып,
Тиiн, сен де
шаға бер,
Ал мен өзiм шоқиын.
Сендер – жолдас дегенiм, –
Дедi əтеш, –
Алыңдар.
Кiмнiң ненi жегенiн
Ендi өздерiң табыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асар өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Асар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері