Өлең, жыр, ақындар

Хайуанаттар дүкенi

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 449
Ашылыпты
Хайуанаттар дүкенi,
Дүкеннiң бұл
Дүниеде үлкенi!..
Аң менен құс,
Жан-жануар атаулы
Келiп жатыр,
Хабарды естiп бiлгенi.
Келушiлер
Дүкенге таң қалады,
Өздерiне
Қажет затын алады.
Маймақ аю қомағай-ау,
Балдың ол
Бiр кеспегiн
Домалатып барады.
Шаңырақтай
Мүйiз iздеп бұланың,
Төрт таға алды
Тұяғына құланың.
Дүкен iшiн
Қызықтап жүр аралап,
Есек байғұс
Салпитып дəу құлағын.
Өлшеп үкi
Нұры тайған көзiне,
Көзiлдiрiк
Сатып алды өзiне.
Түйе сорлы
Ұмытып қап, əне тұр,
Алар затын
Түсiре алмай «есiне...»
Торғай дəндi
Өлшетiп тұр бiр табақ,
Мысық келiп,
Аралап жүр мұрт қарап.
Сегiзаяқ
Алса сегiз акваланг,
Бəтеңкенiң
Қырқын алды қырықаяқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақпашы

  • 0
  • 0

Қақпашы Тоқпай,
Мықты ешкiм жоқтай,
Секiрдi келiп,
Жел үрген доптай.

Толық

Құрақ көрпе

  • 0
  • 0

Жердiң бетiн неге теңеу өтiмдi,
Жердiң бетi –
Құрақ көрпе секiлдi.
Суретшiнiң палитрасы ол дөңгелек,

Толық

Сылтау

  • 0
  • 0

Жарысқанда балалар,
Қосылды оған Жарқын да.
Жүгiруге жарамай,
Қалып қойды артында.

Толық