Қырықаяқтың күйі

Бұл бетте «Қырықаяқтың күйі» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көпшiлiктiң жүретiн
Мазағы боп,
Қырықаяқтың көрмеген
Азабы жоқ.
Тұрмыс нашар, жетедi
Қай жағына:
Қырық бəтеңке алған соң
Аяғына.
Бауын байлап, кигенше
Күн батады,
Бауын шешiп, жатқанша
Таң атады.
Көптiгiнен аяқтың
Күйi қашар,
Қырықаяқтың көретiн
Күнi нашар,
Не қонаққа, не тойға
Бара алмайды.
Аяқ киiм сыймас деп
Алаңдайды.
Баласы бар, қызы бар,
Жұбайы бар,
Үйi толы бəтеңке,
Құдайым-ай.
Мен айтайын егерде,
Бiлмесеңiз,
Аяқ киiм үйiнде
Бiрнеше жүз!
Сонда да ол мойымай
Тəубе етедi:
Тiрi болып жүргенге
Не жетедi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырықаяқтың күйі өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қырықаяқтың күйі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырықаяқтың күйі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырықаяқтың күйі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері