Бұл бетте «Өрмелеп келем» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өрмелеп келем өмірдің асқар шыңына,
Биігім шыққан – аласа қырдан секілді.
Тым биік санап, біреулер мұны да,
Айналып басы, тұра алмай төмен секірді.
Біреулер шығып басыңа құзар шыңдардың,
Созады қолын жетпекші болып айға да.
Төменде біреу құламай тіпті тұрғанын,
Шүкірлік етіп қарайды түпсіз сайға да.
Қашаннан осы өзгермес заңы өмірдің,
Дауласып ешкім жатпас-ты мұны бекер деп.
Сондықтан адам өмірге деген сеніммен,
Жоғалтпай мәңгі тіршілік жүгін көтермек.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі