Шықтарын төкті боз көде – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шықтарын төкті боз көде» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кер дала кербез сағымды,
Туған жер, жаннат жанарым.
Алыстан сынап бағымды,
Аттанып кетіп барамын.
Момақан қоңыр төсіңде,
Қаншама менен із қалды.
Бәрі де, бәрі есімде,
Дос жүзі, дұшпан ызғары.
Шығарып салып ұл-қыздар,
Кейіндеп қалып барады.
Сорғалап түскен жұлдыздар,
Созылған жалғап араны.
Тамаққа тастар түйіліп,
Келмедік доспен сөзге де.
Біз үшін қош деп иіліп,
Шықтарын төкті боз көде.
Тебіреніп тау да мен үшін,
Бүк түсті бүрген, жалбыздар.
Қия алмай жүрген ел үшін,
Қанша екен мендей жалғыздар?
Қарайлап сенің қараңа,
Туған жер кетіп барамын.
Арманын қуған балаңа,
Батасын бергін ананың.
Бозамық таңда бозторғай,
Мен едім, ұшқан төсіңнен.
Көкте күн, қолын созғанда ай,
Шықпассың мәңгі есімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шықтарын төкті боз көде өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Шықтарын төкті боз көде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шықтарын төкті боз көде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шықтарын төкті боз көде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері