Тебіренбеймін мен неге – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Тебіренбеймін мен неге» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тәтті күндер тербеткен бесігінде?
Тебіренбеймін мен неге өмір жайлы.
Өкініш те тиіпті несібеме,
Өмір – бақыт, қуаныш, өмір – қайғы.
Кейде күліп, кейбірде күңіреніп,
Көңіл көгі болады астан-кестен.
Бір іс сәтті, ал бірі қырын келіп,
Өтті күндер сан қилы бастан кешкен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері