Жұмбақ жан – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жұмбақ жан» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызықсың-ау, ақындар, қызықсың-ау,
Қызып кетсең, қияңқы, бұзықсың-ау.
Бірақ, қимай жауды да жамандыққа,
Шақырасың арамды адамдыққа.
Жылағанмен қосылып жылап бірге,
Қартаясың қайғырып бір-ақ күнде.
Қуанышқа жүрегің жалау болып,
Кетесің-ау бір сәтте алау болып.
Бар сырыңды ортаға жайып салып,
Кейде бұдан қаласың айыпталып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері