Сабыр – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Сабыр» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сақтадым сабыр бәріне,
Не айтса да досым, дұшпаным.
Төзімім жетсе әлі де,
Өзімді бекем ұстармын.
Көрмедім керіп көкірек,
Арнадан көңіл асса да.
Қойнымды аштым кеңірек,
Жалт беріп туыс қашса да.
Шуақтай болып төгіліп,
Жамандық жанға етпесем.
Кім шығар қарсы тебініп,
Ауытқып өзім кетпесем?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері