Сыртымнан кесек атпаңдар – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Сыртымнан кесек атпаңдар» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сыртымнан кесек атпаңдар,
Сыртымнан мені сатпаңдар.
Жан болсам жұртқа жағымсыз,
Көзімше ғана даттаңдар.
Бір ісім болса ұнаған,
Тасысын нұрым – мақтаңдар.
Естімей елден әділ сөз,
Өмірдің уын татқан бар.
Тірлікте – қола, өлген соң,
Алтын боп аз ба жатқандар?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері