Өмір – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өмір» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тәуекел атты тарланның,
Тұяғын тұқыл тағалап.
Таптырмас тарпаң арманның,
Қап тауын жүрмін аралап.
Қыранның үсіп қанаты,
Ұша алмас шынды шарладым.
Өзі жоқ, аңыз бар аты,
Мекенің қайда, арманым?
Шарап пен сұлу емессің,
Іздесем о да табылар.
Шарапқа кенде емеспін,
Ақынға ару табылар.
Алтын мен күміс емессің,
Бар жиһаз адам қолында.
Сен неткен сиқыр елессің,
Ертесің ессіз соңыңа.
Ұжмақтан безіп қатал хан,
Қайғыңа сенің көніпті.
Сауыты тозып сапардан,
Сені іздеп ерлер өліпті.
Кім қалай дейді, тегінде,
Таптырмай жүрген арманды.
Құштарлық шығар өмірге,
Ынтызар еткен бар жанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері