Кием келіп көрінді – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Кием келіп көрінді» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кием келіп,
Ием келіп көрінді.
Көрінді де,
Түнгі ұйқым бөлінді.
Қапаланып
Өміріме жатыр ем,
Көз жасымды,
Сүртті маңдай терімді.
Ай дидарлы,
Ақ сақалды киемді.
Көріп тұрмын,
Қорғанышым иемді,
«Неге сонша
Қапаландың», – деді де,
Бас жағына,
Төсегімнің сүйенді.
Жаттым қарап,
Екі көзім төбе де.
Тұтанды от боп,
Төбемдегі шеге де.
Шыжылдап кеп,
Көмейіме шоқ тамып,
Бу ма, у ма?
Тарап жатты денеге.
Шама қайда,
Мойынымды бұруға.
Улы будан,
Әл-дәрменім құруда.
Көз жасымды
Сүртіп Кием күбірлеп,
Көз алдымнан,
Көк пердені сыруда.
Маужырадым,
Рақатқа бөленіп.
Сорлы көңілім,
Қалған екен көнеріп.
Кием де жоқ,
Ием де жоқ бір кезде
Тірілдім бе,
Кім біледі мен өліп?
Тылсым сыры,
Он сегіз мың ғаламның,
Сыймайды екен.
Санасына адамның.
Қиналғанда –
Киең келіп күш беріп,
Рухы да
Қолдайды екен Бабанның.
Мұның бәрі
Рақымы деп білем,
Құдіреті
Шексіз Алла тағаланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кием келіп көрінді өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Кием келіп көрінді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кием келіп көрінді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кием келіп көрінді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері