Барымды айдап, тасып – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Барымды айдап, тасып» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Барымды айдап, тасып қалың малдай,
Жалбақтап жүрсем дағы жаным қалмай.
Жақпадым кейде жақын тартқаныма,
Бейне бір кіріптар боп табылғандай.
Топастық, тоғышарлық, түсінбестік,
Түсінді міндетті деп, ісімді өстіп.
«Сыйға – сый, сыраға – бал» деген сөзді,
Білер аз, десек те елдің ішінде өстік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері