Адамдығын өзінің түсінбеген – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Адамдығын өзінің түсінбеген» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Адамдығын өзінің түсінбеген,
Кім сөйлесер түйсіксіз кісіңменен.
Ұлыққа да айтамыз кішік бол деп,
Болмай жатып қорқамын ісінгеннен.
Қанға сінген олардың бір өнері,
Ісің түссе сыздана түнереді.
Әлді көрсе, майысып маймыл болып,
Әлсіз көрсе, талтандап шіренеді.
Осы шығар кертартпа, пендешілік,
Пенде атың бүркенген кем бе есірік.
Мен кешіріп, ағайын, қоя қойдым,
Қояр болсаң бұларды сен кешіріп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері