Үлгі еттім – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Үлгі еттім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үлгі еттім ұлылардың қасиетін,
Кішімін жасы үлкенге бас иетін.
Қаратып жерге тағы кеткенім жоқ.
Қонақжай қоңыр үйдің ас иесін.
Болса егер өткен-кеткен білместігім,
Кешір де келгін, досым, тілдес бүгін.
Есесін қайтарайық, тіршілікте
Қосылып мәңгі бірге жүрмес ешкім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері