Қалқайып есегінің құлақтары – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қалқайып есегінің құлақтары» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қалқайып есегінің құлақтары,
Бұл қарттар жібермейді құр аптаны.
Бір тобы құтты болсын айтып жүрсе,
Бір тобы асқа аттанар жырақтағы.
Жайлысын қараңдаршы төсегінің,
Үстінде қалғыр-мүлгір есегінің.
Сонда да олар жалғап келе жатыр,
Арасын бүгінгі мен кешегінің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері