Аялай бер, домбыра, арманымды
Бұл бетте «Аялай бер, домбыра, арманымды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 29.12.2023
- 0
- 0
- 1022
Аялай бер, домбыра, арманымды,
Сен жақынсың жардан да жанға мұңлы.
Менде өшкен сезімді қайта оятып,
Қайта атыр көрмеген таңдарымды.
Шабыттанып шалқиын, шарықтайын,
Қос ішегің – қос қанат, қалықтайын.
Қуанышым телегей теңіз еді,
Жүректі де барады жарып қайғым.
Сергиді екен сорлы ақын сезіміне,
Кемиді екен кейістеу өз үніне.
Құба таңдар қуартып кетсе жүзді,
Қуат бергін сен менің төзіміме.
Үнің болып тылсымға таралайын,
Таралайын, әлемді аралайын.
Жүректері жыртылған мұңдылардың,
Жүрегіне жамау боп жамалайын.
Сонда менің ашылып қас-қабағым,
Қара тасты мамықтай жастанамын.
Қалдырмаймын, домбырам, сені бірақ,
Қалмаса да басымда басқа бағым.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі