Кездерім көп – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Кездерім көп» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кездерім көп аяқты шалыс басқан,
Шалғандар да көп екен алыспастан.
Қалғаным да көп екен қатар шауып,
Озғаным да көп екен жарыспастан.
Шалғандарға аяқ тан шамданбадым,
Шын жүйріктер қалғанда арланбадым.
Ақымаққа қосылып ақылдының,
Қиянатқа барғаны – таңданғаным.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері