Бұл бетте «Жолдас боп жүрдім талай» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсымен, жаманмен де,
Жомартпен, сараңмен де.
Жолдас боп жүрдім талай,
Адалмен, араммен де.
Жаманның кесірінен,
Қағылдым несібімнен.
Жаттан дос, жақын таптым,
Жақсының есімімен.
Жомартпен жолым болды,
Төрден сый орын болды.
Сараңнан алғаным жоқ,
Бергенім сорым болды.
Адалға сыр ақтардым,
Шер басып жылап та алдым.
Арамза алдап соғып,
Тік тұрып құлап қалдым.
Көңіл қап сараңдардан,
Алданып арамдардан.
Жүрсем де, ажыратпа,
О, тағдыр адамдардан.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі