Ер де арып, еңкейіп тынады екен – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ер де арып, еңкейіп тынады екен» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ер де арып, еңкейіп тынады екен,
Тұлпар – тулақ, қозы көш – құла мекен.
Тас та еріп, табаның тайғанақтап,
Болат семсер майысып сынады екен.
Дер кезінде екен ғой барлығы да,
Дәуреңінде дәуірлеп тұрады екен.
Өзгермес жоқ өмірде, ей, ағайын,
Ғұмыр – аз күн жайқалған құрақ екен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері