Барды барға теңегін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Барды барға теңегін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Барды – барға,
Нарды нарға теңегін.
Көтермейді қайық жүгін кеменің.
Ақылдымен бір туса да ақымақ,
Ақымақтың істей көрме дегенін.
Мұңлы мұңын
Мұңды ұғар, мұңайып.
Мұңсыздарға
Мұңынды айтсаң, бұл – айып!
Күліп тұрған достарыңа күліп бар,
Жылап тұрса,
Жылап бару лайық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері