Өзім барда – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өзім барда» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзім барда,
Бар менде:
Бақыт, байлық, ырысың.
Өзім барда,
Бар менде:
Алтының мен күмісің.
Өзім барда,
Жоқ демен:
Барлығы да бар менде,
Жоқ дегендер жоғалар,
Жоқ дегені құрысын!
Өзім барда,
Өмірдің
Бар байлығы менікі,
Менде барда,
Жоқ деме,
Мендегі бар – сенікі.
Өмір ортақ қазына
Сенде барда,
Жоқ демен,
Жоқ дегені құрысын.
Өзің болсаң бәрі бар –
Таси берер ырысың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері