Ұйқысыз өтті сан түндер – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ұйқысыз өтті сан түндер» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұйқысыз өтті сан түндер сарғайып өтіп сары таң,
Ойлардан шығар ормандай арса-арса болып арысам.
Зымырап, жалған дүние сен қанша жүйрік болсаң да,
Арманға толы жүрекпен ақтық дем алып жарысам.
Сөнерсің деме сөнгенше селдетіп сырлы сезімді,
Құшағы ыстық дүние, жыр етіп өтем өзіңді.
Айналып келмес арайлы, айларым, алау жырларым,
Сүйгеннен кешіп жүрмін мен осы бір қымбат кезіңді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері