Сар дала
Бұл бетте «Сар дала» атты Жарылқасын Аманұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 29.12.2023
- 0
- 0
- 1000
Сар дала, сағым жортқан, құба белім,
Қия алмай мойнымдағы бұра бердім.
Кір жуып, кіндік қаны саған тамған,
Бабамның бабасының тұрағы едің.
Сар дала, сағым жортқан, құба белім,
Мен өскен шыбығыңнан шынар едім.
Бер дағы ақ батаңды, аттандырып,
Сәт сапар саулығымды сұра менің.
Сар дала, сағым жортқан, құба белім,
Мөлтілдеп жанарыма тұна бердің.
Келгенше қайта айналып қош, аман бол,
Бақ қонған, қасиетті мұра-кенім.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі