Мен болып, досым, қарашы
Бұл бетте «Мен болып, досым, қарашы» атты Жарылқасын Аманұлы жазған достық туралы өлең берілген.
-
admin
- 29.12.2023
- 0
- 0
- 1041
Мен болып, досым, қарашы дарқан өмірге,
Мен болып, досым, қарашы барлық көңілге.
Араша түскін, жазықсыз жапа шексе жан,
Қайғысын оның көруің мүмкін өзің де.
Мен болып, досым, қарашы досқа, бауырға,
Мен болып, досым, қарашы көпке, қауымға.
Жамандық дайын, жақсылық жасап көрші бір,
Жақсылық етсең жамандық етпес жауың да.
Мен болып, досым, қарашы жатқа, танысқа,
Мен болып, досым, қарашы жақын, алысқа.
Алысың жақын, жақының алыс жат бауыр,
Болады екен ұлы өмір асау ағыста.
Мен болып, досым, қарашы ата-анаңа,
Мен болып, досым, қарашы жар мен балаңа.
Жадырап күліп, қатықсыз көже бір ішіп,
Отырған кезден байлығың кетсің садаға.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі