Жастық шақ өтіп бара ма?
Бұл бетте «Жастық шақ өтіп бара ма?» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 29.12.2023
- 0
- 0
- 1077
Жастық шақ өтіп бара ма,
Сағымға сіңген құйындай?
Бастапты самай ағара,
Тәңірдің тартқан сыйындай.
Сарғайып гүлзар бақтарым,
Солмақ па лала гүлдері?
Қайдасың, нұрлы шақтарым,
Қайдасың, бұлбұл үндері?
Сайрашы шалқар сазбенен,
Қаным бір тасып кетсінші.
Айтайын өкпе назбенен,
Өмірге мынау, өткінші.
Көкпар ғып тұсау тартқылап,
Дыр-думан етіп көшені.
Шыбыққа мініп шапқылап,
Жүрген шақ қайда кешегі?
Көргенде көркін тұтанып,
Шалғындай шалқып жанатын.
Кетті екен қайда құса ғып,
Періште-күміс қанатым?
Ғайып боп көзден, көңілден,
Бәрің де бірдей ұштың ба?
Кездесер көлді өңірден,
Қауырсын талы құстың да?
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі