Ризамын құбылыстың бәріне де – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ризамын құбылыстың бәріне де» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ризамын құбылыстың бәріне де,
Көгілдір көктем, қыстың кәріне де.
Тағдырым тақия емес басымдағы,
Кезігіп, кез боламын әлі неге?
Жалғыз ой – бұл өмірге несін келдім,
Жүрмін бе босқа таптап жердің төсін.
Жақсы сөз, әлде жақсы ісім бар ма?
Қалатын ескерткіш боп есіңде елдің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері