Мені өзіндей көр, достым – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мені өзіндей көр, достым» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мені өзіндей көр, достым, жаны бөлек демесең,
Сен қуансаң қуанып, айдарымнан жел есем.
Өзіңді ойлап мен бүгін біраз жасқа қартайдым,
Өзінді ойлап ешқашан тебіренген емес ем.
Ішек перне секілді жүрек, тілек үндесіп,
Жалғап едік, ғұмырдың қыл шылбырын бірге есіп.
Бірге туған жаннан да жақын болып кеттің сен.
Егіз ұл да екеуміз, өмір-ана бір бесік.
Қайғырмайын мен қалай, аһ ұрмайын қайысып,
Бүтін едің, бүлініп бара жатсың майысып.
Ашу – араз, ақыл – дос, ақылыңа келсейші,
Адалыңды арамдап жүрген, айтшы, қай күшік?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мені өзіндей көр, достым өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Мені өзіндей көр, достым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мені өзіндей көр, достым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мені өзіндей көр, достым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері