Ақын мен жазушыларға – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ақын мен жазушыларға» атты Жарылқасын Аманұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

Ассалаума-ғалейкум!
Сөзді қорек еткендер,
Ақ қағазға малтығып,
Ақыл, ойға бөккендер.
Су жұқпайтын тазадан,
Бөзді бөлек еткендер.
Еңіреген ерлерден,
Езді бөлек еткендер.
Тумай жатып анадан,
Тілі шығып кеткендер.
Белі шықпай бесіктен,
Қайғы, мұңды шеккендер.
Ерте ағарып шаштары,
Арманына жеткендер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері